ҚХР шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шекара қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес, 2023 жылғы 22 маусымда шекарадағы өткізу пункттері уақытша жұмыс істемейді. Өйткені ҚХР-да "Айдаһар қайықтары" мейрамы (Дуань У) тойланады.
Шекарадағы автокөліктік өткізу пункттерінен адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар өткізілмейді.
Теміржол бойынша өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!