ҚХР төрағасы Си Цзиньпин пандемиядан кейін екі рет барған әлемдегі жалғыз ел - Қазақстан. Бұл туралы ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Silk Way арнасына берген эксклюзив сұхбатында ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарының Қазақстан-Қытай қатынастарын дамытуда тарихи маңызы зор екенін айтты.
"Сапар біздің екіжақты қарым-қатынастарымызды одан әрі дамытуға және барлық салада өзара тиімді ынтымақтастығымызды арттыруға үлкен серпін берді", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін ҚХР төрағасы келіссөздер жылы, достық рәуіште өткенін және нәтижелі болғанын мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!