12 матчтың онында жеңіліс тапқан астаналық команда турнир кестесінің ең соңғы сатысында тұр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрлықтық хоккей лигасының 12-ші туры аясында Астананың "Барысы" сырт айдында "Спартакпен" кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалғаны туралы жазды 1bol.kz.
Ойынның алғашқы екі кезеңінде "Барыс" 0:3 есебімен жеңіліп келе жатқан. Бірақ үшінші кезеңде шабуылға көшкен елордалықтар қатарынан екі гол соқты. Ойын соңында "Барыс" хоккей клубының бапкері Вячеслав Буцаев қақпашыны алтыншы ойыншыға алмастырды. Ал "Спартак" қақпаның бос қалғанын ұтымды пайдаланып, төртінші шайбасын соқты.
Осылайша, "Барыс" турнирде оныншы рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, 12 матчта он рет жеңілген астаналық команда турнир кестесінің ең соңғы сатысында тұр. Келесі ойын Омбыда 5 қазанда "Авангардпен" өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!