“Кезек бірнеше айға созылып кетеді“. Бектенов елде логопед-сурдологтар жетпей жатқанын сынады

“Кезек бірнеше айға созылып кетеді“. Бектенов елде логопед-сурдологтар жетпей жатқанын сынады
Фото: depositphotos.com

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инклюзивті саясатты жүзеге асыру шаралары қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олжас Бектенов логопед, сурдолог, реабилитологтар жетіспеуіне байланысты тапсырма берді.

"Психологиялық-медициналық педагогикалық комиссия мұқтаж балаларды түгел кешенді тексерістен өткізіп үлгере алмай жатыр. Кезек бірнеше айға дейін созылып кетеді. Арнайы мамандар, яғни логопедтер, сурдологтар, реабилитологтар жетіспейді. Педагогтерде ерекше балалармен және ересектермен жұмыс істеу дағдысы толық қалыптаспаған. Мысалы мұғалімдердің барлығы бірдей ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен қалай тиімді қарым-қатынас орнату керек екенін біле қоймайды. Оны азаматтардың өтінішінен байқауға болады", - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар тапсырма берді:

  • ерекше балалармен жұмыс істеу бойынша мұғалімдерге арналған оқыту курстарын тұрақты өткізу.
  • 1 қыркүйекке дейін инклюзивті білім берудің, кадрлармен қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget