“Кездесуге ешкім шақырмайды“. Назым Қызайбай жеке өмірі туралы

“Кездесуге ешкім шақырмайды“. Назым Қызайбай жеке өмірі туралы
Фото: "The DS' Show"

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның "Late night" шоуына берген сұхбатында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол кездесуге жиі бармайтынын жасырмады.

"Өз адамымды әлі кездестірген жоқпын. Кездесуге бара бермеймін, негізі кездесуге ешкім шақырмайды, сондықтан бармаймын. Әлеуметтік желіде жекеме келген хаттарды оқимын, бірақ шынымды айтсам әркіммен кездесетін ниетім жоқ. Жекеме көп жігіт жазып жатады, бірақ ешкіммен кездеспедім", - деді боксшы.

Айта кетейік, боксшы Назым Қызайбай 2024 жылғы Жазғы олимпиада ойындарында ел қоржынына қола медаль салған еді. 

Кейінірек ол алғашқы медалін сатып жібергісі келгенін жеткізді.

4 көлік, 2 пәтер: Назым Қызайбайдың сыйлықтары саналды

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә