- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кездесу ұйымдастырғаны үшін...
"Кездесу ұйымдастырғаны үшін 200 мың доллар сұраған". Екі қазақстандық пара алды деген күдікпен ұсталды
Екі қазақстандық пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бизнесті қорғау аясында Тараздың тұрғынын алаяқтық және пара беруге итермелеу күдігі бойынша ұстады.
Ол мемлекеттік мекемемен мәселені шешеміз деген сылтаумен шетелдік компанияның өкілін жаңылыстырған. Оған қоса, күдікті жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуді ұйымдастыруға көмектескені үшін 200 мың доллар көлемінде ақша иемденген.
Сонымен қатар, күдікті егер екі тарап келісімшартқа қол қойса, онда келісілген сомасының үш пайызын оған беруін талап еткен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері алаяқтық жасады деген күдікпен Алматының тұрғынын ұстады. Ол Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымына жұмысқа орналасу мәселесін шешуді сылтауратып, 100 мың АҚШ долларын талап еткен. Бірақ ол іс жүзінде ондай қызмет көрсетпеген.
Ақшаны алғаннан кейін бұл күдіктілер ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек