Әнші Балжан Бидаш "1001 түнде" бағдарламасында бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевпен арақатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл тақырыпқа нүкте қоюды шешкен.
"Сырттан түрткілеп, әрнәрсені жазып, тиістіріп деген нәрсе дұрыс емес деп ойламаймын. Біз кездеспегелі біраз болды. ...Жеке өмірді қозғағым келмейді. Мына жерде әңгімелеп отыруды құп көрмеймін. Екінші адам бар ғой, оның көзі жоқ бұл жерде", - деді ол.
Әнші бұрынғы енесімен арақатынасы туралы да әңгімеледі.
"Араласпаймыз. Ешқандай өкпем жоқ. Өте жақсы кісі, көңілді. Ошақ қасын көрсетті деп айтсам болады. Біз бірге тұрған жоқпыз. Ол кісілер Оралда болды, біз Алматыда болдық", - дейді өнер иесі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!