Кейінгі үш жылда бюджет саласының 1,2 миллионнан аса қызметкерінің жалақысы өсті. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2022-2025 жылдары елімізде бюджет саласы қызметкерлері мен экономиканың кейбір секторына еңбекақы төлеуді арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылған.
"Әлеуметтік саладағы 38 мың қызметкердің жалақысы орта есеппен 30 пайызға, 600 мың педагогтің еңбекақысы 25 пайызға, 6 мың медицина қызметкерінің жалақысы 20 пайызға, азаматтық қызметшілердің кейбір санаттарына жататын 600 мыңға жуық адамның еңбекақысы орта есеппен 20 пайызға артты. Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" тобының өндірістік қызметкерлеріне еңбекақы төлеудегі алшақтық қысқартылды", - деді шенеунік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова