Кейінгі тәулікте 211 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 589 адам коронавирус инфекциясынан (–2 410+ және 179 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 283 пациент стационарда, 2 306 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 12 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Еске салайық, 5 қаңтардағы жағдай бойынша, 115 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!