Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты

Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты

Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты: 140 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Айта кетейік, 5 желтоқсандағы жағдай бойынша, 114 адамнан коронавирус анықталған. 

6 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 374 адам коронавирус инфекциясынан (–1 183 + және 191 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 191 науқас стационарда, 1 183 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
 
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 5 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина