Кейінгі тәулікте 76 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
3 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 680 адам коронавирус инфекциясынан (–2 487+ және 193 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!