Кейінгі тәулікте 202 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 731 адам коронавирус инфекциясынан (–2 552+ және 179 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 472 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!