- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кейінгі тәулікте қанша...
Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырған?
Фото:
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Кейінгі тәулікте коронавирусқа қатысты 78 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 835 адам коронавирус инфекциясынан (-1 681+ және 154 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 696 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр,
- 5 науқастың жағдайы өте ауыр,
- 3 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова