- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кейінгі тәулікте 334...
Кейінгі тәулікте 334 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 334 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
8 шілдедегі мәлімет бойынша, 2 001 адам коронавирустан (-1 946+ және 55 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде, 261 науқас стационарда, 1 740 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Вирус жұқтырғандар арасында 15 адамның жағдайы ауыр.
Жалпы, пандемия басталғалы елімізде 1 308 541 тұрғын коронавируспен ауырған.
Г. Досымшалова