Кейінгі екі жылда 100-ден аса адам ұйымдасқан қылмыс үшін сотталды

Кейінгі екі жылда 100-ден аса адам ұйымдасқан қылмыс үшін сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Жыл басынан бері қылмыстық топтарға қатысты 51 қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Кейінгі екі жыл ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу деректері бойынша қозғалған 90-нан асақылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді.

13 ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша сот шешімдері шығарылды. Бұл істер бойынша 130-дан аса адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

"Мысалы, "Qarmet" АҚ нысандарынан ұрлық жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты көпэпизодты қылмыстық іс бойынша 24 адам әртүрлі мерзімге сотталды, оның ішінде топ басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Алматы қаласының полиция департаменті күзет қызметі түрінде әрекет етіп, іс жүзінде бұзақылық, бопсалау және қару сақтау сияқты заңсыз әрекеттермен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу деректері бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр. Олардың заңға қайшы әрекеттері биыл қаңтарда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тарапынан тоқтатылды.

Қазақстан криминалитетінің өкілдеріне қатысты трансұлттық қылмыстық қауымдастық құру және оған басшылық ету дерегі бойынша алғаш рет соталды тергеу басталды. Бұл істер бойынша қылмыстық қудалау аясында тек ел ішінде ғана емес, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдар бар.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік күзет қызметі және бас прокуратурамен бірлесіп, дәлелдемелер жинау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жалпы 150-ден аса адам жауапкершілікке тартылып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget