Актер Алмат Сақатов әкесінің соңғы өсиеті туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актер "әкесінің академиясын" бітіргенін айтады.
"Мен театралды институтта оқыған кезде ол жерден көп сабақ алған жоқпын. Негізі сахнада әкемнің сабағын өттім. Ол кісі сахнаға қатты қарайтын. Негізі әкемнің қатты айтқан сөзі болды, ол: "ар-намысыңа ие бол" деді. Ол кезде не екенін түсінбей тұрмын ғой. "Кейін өзің түсінесің" деді.
Сөйтсем ар-намыс деген - қарындасың, анаңның көзқарасы, әйеліңнің көз-жасы, балаңның дұрыс жүрмеуі екен. Себебі оны тірнектеп жинайсың", - дейді актер Ashyq podcast youtube-арнасына берген сұхбатында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!