- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кейін кешірім сұрады"....
"Кейін кешірім сұрады". Танымал ақын күтпеген жағдайға тап болғанын айтты
Танымал ақын Сайлаубай Тойлыбаев бірнеше танымал әндердің сөзін жазып, елге танылған. Ол туындыларын әлдекімдердің иемденгісі келгені туралы "Мақсатына жеткендер" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бұл оқиғаны інісі айтып берген.
"Қыздар-қыздар" әні өте танымал ән ғой. Күреңтөбе ауданына әкемнің інісінің баласы жұмыс бабымен барған екен. Бір күні оны қонаққа бір жігіт үйіне шақырған. Барса, қарындасы үйдің алдында шаруа істеп жүріп, осы "Қыздар-қыздар" әнін айтқан. Бір кезде қасымдағы жігіт "мына әнді тыңдадың ба, осы әннің сөзін де, әнін де мен шығардым" депті. Сосын інім "бұл әннің авторын да, сөзін де жақсы білемін,өйткені туған ағам сөзін жазған, әні Гүлнұр Өмірбаеваныкі" дегенде ана жігіт төмен қарап,ұялып қалыпты. Кейін кешірім сұрапты. Әнді бәрі жақсы көргеннен кейін әркім өзінің атынан айтқысы келеді", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы