Атырау облысы Дамбы ауылының тұрғындары жол бойынан түз тағысы қасқырды көріп, видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.
Тұрғындар полицияға да хабар берген. Куәгерлердің айтуынша, жыртқыш агрессия таныта қоймаған. Басылым мәліметінше, жергілікті аңшылар оны соңынан аңдып, ақыры атып алған.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Мереке Шалқаров мұны қасқырлардың ұйығу уақытымен байланыстырады. Бұған ауа райының жылы болуы мүмкіндік туғызып отыр екен.
"Каспий теңізінің жағасында түз тағылары қазір көбейіп тұр. Олар қаулап өскен қамысқа тығылады. Бұл жер батпақ болғандықтан, техника бара алмайды. Жағдайды бақылау мүмкін емес. Сондықтан тұрғындар абай болғаны жөн. Сондай-ақ, биыл 2 мың қасқыр атуға аңшыларға рұқсат берілген", - дейді ол.
Айта кетейік, қауіп төнген жағдайда 28-02-51 телефон нөміріне хабарласу керек.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!