Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерке Есмаханға желідегі оқырманы "Сіз күйеуіңізбен ұрысасыз ба, айтыңызшы, өтініш" деп жазған.
"Өтініш деп қатты білгісі келіп бара жатқан кім болды екен, ә? Құдайға шүкір, ұрыспаймыз. Анда-санда менің еркелігім ұстап қалады, кейде Раймның қызғанышы кеп қалады. Басқа кезде бақыт, сыйластық, махаббат", - деп жауап берді Ерке Есмахан оқырманының сұрағына.
Әнші бұған дейін Раймға неге тұрмысқа шыққанын айтып, сырын бөліскен болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз