Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде Нұртас Айдарбековқа арнап, бірнеше жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Нұртас Айдарбековпен бірге әр елге сапарлаған саяхаты туралы жазып, сағыныш сезімін де жеткізді.
"Кейде арасында аз уақытқа алыстап тұрған да дұрыс шығар. Бәрінің қайыры бар деген, бір-біріміздің қадірімізге жетіп тұратын дегенім ғой. Сағыныш деген керемет сезім", - деп жазды ол.
СОндай-ақ, Гүлзира Айдарбекова өткен жылға есеп беріп, оқырмандарына жылы лебізін білдірді.
"Өткен жылға еш ренішіміз жоқ. Келер жылдарымыз да жақсылыққа толы болғай",- деп жазды ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз