Блогер Аида Серікова мен оның жары Болатбек Бараков танымал мультфильмдердің эпизодтарын шынайы өмірде қайталау арқылы Instagram-да Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.
Бірнеше күн бұрын Аида мен Болатбек "Рататуя" үзіндісін сомдаған. Бұл мультфильмде егеуқұйрық мейрамхана асханасына кіріп, онда тамақ дайындай бастайды. Ол кезінде "Оскар" алған.
Олар "Вверх" мультфильмін де айна қатесіз қайталаған.
Аиданың сөзінше, олар мұндай видеоларды 2020 жылдан бастап түсірген, алғашында "Маша и Медведь" мультфильмінен бастаған.
Олардың оқырмандары мұндай видеоларға тәнті болған:
"Қандай еңбек", "Сіздерді жақсы көремін", "Қаншама еңбек, қаншама тер", "Қандай әдемі", - дейді пікір білдірушілер.
Аида мұндай бір эпизод түсіру 4-5 сағаттан үш күнге дейін созылатынын айтады.
"Мультфильмнің үзіндісіндегі барлық нәрсені дәл солай қайталауға тырысамыз. Бізге шығармашылықпен айналысқан қатты ұнайды", - дейді ол.
Олар "Моананың" эпизодын да дәл қайталаған.
Аиданың сөзінше, мұндай видеолар көп қаралым жинайды, көрермендерге олардың жұмысын ұнайды. Ерлі-зайыпты бұл жұмысты әрі қарай да жалғастыруға тырысатынын жеткізген.
Айта кетейік, бұл жұптың парақшасына 1,5 миллионға жуық адам жазылған.