- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кейбір өңірлерде шектеу...
Кейбір өңірлерде шектеу енгізілуі мүмкін: министрлік азаматтарды дүрлікпеуге шақырды
Алдағы күндері кейбір өңірлерде шектеу енгізілуі мүмкін. Қорғаныс министрлігі өкілдері бұл қандай шектеу екенін түсіндіріп, азаматтарды сабыр сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 11-19 наурыз аралығында Қарағанды облысының аумағында екі жақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді.
Ведомство мәліметінше, жауынгерлік дайындық іс-шаралары кезінде Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарының аумағында күштер мен құралдардың қозғалысы жүзеге асады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер полигондарға темір жол, әуе және автомобиль көлігі арқылы аралас тәсілмен марш жасайды. Кейін тұрақты орналасу пункттеріне оралады.
Қорғаныс министрлігі өкілдері бұл кезеңде өңірдің кейбір аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін айтты.
"Азаматтардан өтіп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді қолданушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - деп жазылған ведомство хабарламасындп.
Министрлік өкілдері қолданыстағы заңнамаға сай жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова