Қазгидромет 23, 24, 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, батыс пен оңтүстік аймақтарда күндіз найзағай ойнайды. 23 қыркүйекте шығыста, 23-24 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың арты қарға ұласады.
Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі температура біртіндеп 20-28 градусқа дейін, ал шығыс өңірлерде 10-15-тен 15-25 градусқа дейін көтеріледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!