- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кейбір облыстарда ауылдарды...
Кейбір облыстарда ауылдарды су баспас үшін жолдар әдейі бұзылды - КМ
Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев 4 облыста ауылдарды су баспас үшін жолдар әдейі бұзылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Автомобиль жолдарының жиегінде судың көп жиналуы салдарынан жолдың маңындағы елді мекендерді су басудан сақтап қалу үшін жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, ұзындығы 7 метр болатын 9 учаскеде жол төсемін мәжбүрлі түрде бұзылды", - деді Ғалымжан Өтенбаев ОКҚ-да өткен брифингте.
Жолдар мынадай облыстарда бұзылды:
Павлодар облысы:
"Атамекен – Ертіс – Русская поляна" жолының 2 учаскесінде;
Қарағанды облысы:
"Бастау – Ақтау – Теміртау" жолының 25-шақырымында;
Қостанай облысы:
"Денисовка – Аршалы – Коморовка" жолының 41-шақырымында,
Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдардың 5 учаскесінде:
"Рощинское – Корнеевка – Волошинка" жолының 14-шақырымы;
"Волошинка – Сергеевко – Тимирязева" жолының 2-шақырымы.
"Жезқазған – Петропавл" жолының 706 және 862-шақырымы;
"Булаево – Возвышенка – Қиялы – Рощинское" жолының 208-шақырымы;
Орынбасардың айтуынша, аталған учаскелерде су ағызылған соң жолдардың басым бөлігі қалпына келтірілген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен