Бүгін Қазақстанда ауа райы әртүрлі болады: кей өңірлерде жаңбыр жауып, үсік жүрсе, енді бір жерлерде күн ашық болып, жылы жел соғады. Қазгидромет ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада бұлтты, түнде жаңбыр және қар түрінде аздаған жауын-шашын жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2, күндіз +14…+16.
Көкшетауда жауын-шашынсыз, бұлтты. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні - 9-14 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+2, күндіз +14…+16.
Алматыда таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 3-8 м/с, 20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +14…+16.
Қонаевта кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 9-14 м/с, 20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11, күндіз +16…+18.
Талдықорғанда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел батыстан соғады, екпіні 20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8…+10, күндіз +13…+15.
Шымкентте бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +20…+22.
Түркістанда жауын-шашынсыз, кейде құмды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 20 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +22…+24.
Оралда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2, күндіз +16…+18.
Атырауда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с болып соғады. Ауа температурасы түнде +6…+8, күндіз +18…+20.
Ақтауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан екпіні 9-14 м/с болып соғады. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +18…+20.
Ақтөбеде аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы - 4-9 м/с. Түнде үсік -3°С дейін жүреді, күндіз +14…+16.
Қостанайда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+2, күндіз +16…+18.
Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+2, күндіз +14…+16.
Павлодарда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады. Ауа температурасы түнде +3…+5, күндіз +14…+16.
Семейде бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан екпіні 7-12 м/с болып соғады. Ауа температурасы түнде +3…+5, күндіз +15…+17.
Өскеменде түнде жаңбыр жауып, бұлтты болады. Жел солтүстік-батыстан екпіні 7-12 м/с болып соғады. Ауа температурасы түнде +3…+5, күндіз +15…+17.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова