- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кейбір жылу көздерінде...
Кейбір жылу көздерінде жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмай қалуы мүмкін - Смайылов
Премьер-министр Әлихан Смайылов жылыту маусымына қатысты сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, солтүстік және шығыс өңірлерде жылыту маусымы ауа райына байланысты мерзімінен ерте басталуы мүмкін.
Жылыту маусымын бастау үшін бастапқы дайындық бар. Алайда, кейбір жылу көздерін жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмай қалуы мүмкін.
Теміртаудың №2 Жылу электр орталығында №4 қазандықты жөндеу қазанның аяғына дейін ұзартылды.
Жезқазған Жылу орталығындағы №4 қазандықты жоспарлы жөндеу әлі аяқталған жоқ, ал №9 қазандықта жұмыстардың небәрі 4 пайызы ғана орындалған.
Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының энергия кәсіпорындарында жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, жылыту маусымының басында қазандықтарға түсетін жүктеменің төмен болатынын ескерсек, бұл үйлердегі температура көрсеткіштеріне әсер етпеу керек.
Бұл өңір әкімдері Энергетика министрлігімен бірге жөндеу жұмыстарына күнделікті мониторинг жүргізіп, алдағы маусымда қажетті жылу беруді қамтамасыз етуге тиіс.
МАЭК-те №3 энергоблокты жоспарланған күрделі жөндеу 2024 жылға ауыстырылды, бүгінде №2 энергоблокты авариялық жөндеу жүргізіліп жатыр.
"Өткен аптада мен Маңғыстау облысында болып, МАЭК-тегі жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Өңір әкімдігі жөндеу жұмыстарының аяқталуы мен кәсіпорынның тұрақты жұмысын ерекше бақылауда ұстауы қажет", - деді премьер-министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек