- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кейбір "жолдастар" Қазақстаннан...
Кейбір "жолдастар" Қазақстаннан кетуді ұсынды - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде оған Қазақстаннан кету туралы ұсыныс жасалғанын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Бұл туралы Мемлекет басшысы "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында айтқан.
"Барлық төңкерістің мақсаты - билікке мүлде басқа адамдардың келуі. Маған келетін болсақ, сол күндері осында болдым, Президент резиденциясы ғимаратында, ешқайда кеткен жоқпын. Оның үстіне, әрине, осында түнедім. Мен басынан-ақ елордадан кетпейтінімді мәлімдедім. Оның үстіне кейбір "жолдастар" маған не тікұшаққа, не ұшаққа мініп, Қазақстаннан кетуді ұсынды. Әрине, мен мұндайды жоспарлаған жоқпын және соңына дейін осында болуым керек деп санадым", - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасының журналисіне сұхбат бергенін растады. Телеарна мәліметінше, сұхбат Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14:30-дан кейін жарияланады.
Д. Шәріпхан