- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кейбір жанармай құю...
Кейбір жанармай құю бекеттерінде баға өзгеруі мүмкін
Енді шекара өткелдерінде жанар-жағармай алып өтуге қатысты бақылау күшейеді. Сонымен қатар, шекара маңындағы жанармай құю бекеттерінде баға да өзгеруі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында жанар-жағармай нарығындағы қазіргі жағдай қаралып, отынды елімізден заңсыз әкетудің жолын кесу шаралары талқыланды.
Энергетика министрлігі өкілі жасырын экспорт қаупі бар екенін мәлімдеді.
Ішкі нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында министрліктерге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шекаралық өткелдерде жанар-жағармай әкетуді бақылау жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шетел жүк көліктері үшін шекара маңындағы жанармай құю бекеттерінде сараланған бағаларды белгілеу бойынша шаралар қабылдауды да тапсырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова