- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кейбір ауылдарда резервте...
"Кейбір ауылдарда резервте не қайық, не су етігі жоқ". Депутаттар елдегі ахуал туралы
Фото:
Видео кадры
Депутаттар Нартай Аралбайұлы мен Мақсат Толықбай суға кеткен өңірлердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы олар "1001 түн" бағдарламасында бөлісті.
"Ойылдағы жағдай өте қиын. Өкініштісі, кейбір ауылдарда резервте не қайық, не су етігі жоқ. Төтенше жағдайға арналған жабдықтар жазылып тұруы керек. Бұл жерде министрліктің нормативі орындалмаған. Екіншіден, өңірлерде су мамандары жоқтың қасы. Олар жүйелі түрде жұмыс істеу керек. Әр салада тамыр-таныс емес, өз ісінің маманы отыруы керек", - дейді Мақсат Толықбай.
Ал депутат Нартай Аралбайұлының айтуынша, суға кеткен малдың есебі жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек