• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Кейбір аудандардың тұрғындарының жалақысын көтеру ұсынылды

Кейбір аудандардың тұрғындарының жалақысын көтеру ұсынылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Мәжілісте ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстел барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов шекара маңындағы алыс аудандарда өмір сүру жағдайын жақсарту үшін кешенді шаралар ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сапанов төтенше табиғи-климаттық жағдай қалыптасқан шекара маңындағы ауылдардың тұрғындарына еңбекақыға үстемеақы енгізуді, сондай-ақ, еңбек өтілін есептеудің арнайы нормаларын белгілеуді ұсынды.

Сонымен қатар, шенеунік "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша осындай елді мекендерге келген жас мамандарға көтерме жәрдемақыны үш есеге арттыруды ұсынды: 100 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін (2025 жылы 393 200 теңгеден 1 179 600 теңгеге дейін).

Әкімнің орынбасары бала тууға байланысты әлеуметтік көмекті арттыруды да ұсынды:

  • төртінші балаға дейін 38 АЕК-тен 57 АЕК-ке дейін (2025 жылы 149 416 теңгеден 224 124 теңгеге дейін);
  • төртінші баладан кейін 63 АЕК-тен 95 АЕК-ке дейін (2025 жылы 247 716 теңгеден 373 540 теңгеге дейін);
  • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуына қарамастан, шекара маңындағы аймақтарда тұратын отбасыларға ай сайынғы жәрдемақыларды ұлғайту.

Сапанов шекара маңындағы аудандардағы шағын және орта бизнес субъектілеріне салық жеңілдіктері мен артықшылықтар енгізуді де ұсынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget