Кей өңірлерде жаңбыр: бүгін ауа райы қандай болады?

Кей өңірлерде жаңбыр: бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Бүгін Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады, себебі бірнеше өңірде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ та болуы мүмкін, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы - 9–14 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +6…+8°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан екпіні 3–8 м/с болып соғады. Түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде +8…+10°C, күндіз +19…+21°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 12 м/с дейін жетеді. Түнде +2…+4°C, күндіз +19…+21°C.

Ақтауда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады. Түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C.

Атырауда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел түнде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 0–5 м/с, күндіз екпіні 5–10 м/с болады. Түнде +6…+8°C, күндіз +23…+25°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с болады. Түнде -1…-3°C, күндіз +3…+5°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Түнде +5…+7°C, күндіз +16…+18°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 15–20 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +8…+10°C.

Павлодарда бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. Түнде -1…-3°C, күндіз +2…+4°C.

Петропавлда бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен қар), күндіз жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. Түнде -2…-4°C, күндіз +1…+3°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15–18 м/с болады. Түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 14 м/с дейін жетеді. Түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15–20 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады. Түнде +5…+7°C, күндіз +21…+23°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget