Синоптиктер 17 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түнде 17 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағайда, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағайда 15-20, екпіні 23 м/с. Петропавл қаласында 17 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағайда екпіні секундына 15-20 метр.
17 маусымда күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.
17 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қаласында 17 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.
17 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 17 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
17 маусымда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Ақтөбе қаласында 17 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады.
Астана қаласында 17 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
17 маусымда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сакталады. Семей қаласында 17 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз назағай кезінде екпіні 15-18 м/с.
17 маусымда Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Павлодар қаласында 17 маусымда танертең және күндіз найзағай күтіледі.
17 маусымда күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Қостанай қаласында 17 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
17 маусымда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қаласында 17 маусымда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
17 маусымда күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 36-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың жағалауында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қаласында 17 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
17 маусымда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метр. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
17 маусымда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында 17 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
17 маусымда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 17 маусымда облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
17 маусымда күндіз Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық сақталады.
Атырау қаласында 17 - 19 маусым аралығында күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіл
17 маусымда түнде Қарағанды облысының шығысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қаласында 17 маусымда күндіз найзағай күтіледі.Түнде және таңертең тұман.
17 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қаласында 17 маусымда күндіз найзағай, 36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!