"Кей облыстарда күн қатты ысиды". Бүгін ауа райы қандай болады?

"Кей облыстарда күн қатты ысиды". Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: massaget.kz/Ернар Алмабек

Қазгидромет 6 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Күндіз Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде және Абай облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі", - делінген хабарламада.

Алматы, Атырау, Жетісу, Абай облыстарында, Кызылорда облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтобе облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сондай-ақ кей облыстарда төтенше өрт қаупі сақталатыны ескертілді.

"Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Алматы жіне Жетісу облысының орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтобе, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады", - деді Қазгидрометте.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова