- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кеудесіне пышақ сұққан"....
"Кеудесіне пышақ сұққан". Шымкентте әйел күйеуін қалай өлтіргенін полицияға айтып берген
Шымкентте Айбергенов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен 31 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам азаматтық некеде 29 жастағы әйелмен бірге тұрғаны белгілі болды. Жанжал кезінде әйел асхана пышағын алып, жәбірленушінің кеудесіне сұққан. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Күдікті оқиға туралы бір күннен кейін полицияға хабарлаған.
"Жедел-тергеу тобы 2023 жылғы 24 сәуірде Айбергенов көшесіндегі пәтердің бірінде бірге тұрған жұп арасында жанжал шығып, соның салдарынан ер адамға кеуде тұсынан пышақ сұғылғаны анықтады. Ер адам жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Іс бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп түсіндірді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек