Полиция үйдің кіреберісінде жігіт тиіскенін айтқан қыздың шағымына қатысты пікір білдірді. Желіде тараған видеода қыздың артынан ере кірген адам оған тиісе бастағаны көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2002 жылы туған қыздың арызына қатысты Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы "Зорлау" бойынша қылмыстық істі тіркеді.
"Соталды тергеу барысында 2009 жылы туған (толық 14 жаста), кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Ол қызды көптен бері көрмеген күтушісімен шатастырғанын айтты. Жасөспірім кейін шатасқанын түсініп, қашып кеткен", - делінген полиция хабарламасында.
Қазір іс материалдары жергілікті полицияға тапсырылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы белгісіз жігіт бойжеткенді аңдып, подъезде тиіскені хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бала неге сабақ оқығысы келмейді?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!