- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кеудеден бір жерден...
"Кеудеден бір жерден тесті". Төреғали Төреәлінің қарындасы отадан кейінгі жағдайын айтты
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлігеге "ісік өкпеге кетті" деген диагноз қойылып, тексерілу үшін ота жасалған еді. Фариза Төреәлі отадан кейінгі жағдайымен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ота 2,5 сағатқа созылған. Наркоз берілмей, жай ұйықтатқан.
"Кеудеден бір жерден тесті. Бұндай жеңілдетілген ота түрі тек Корея мен Түркияда бар екен", - деп жазды ол.
Қазіргі уақытта ол демалу керектігін айтты.
"Көңіл-күй құбылмалы. Бойда әлсіздік, миым ештеңені қабылдап тұрған жоқ. Үйге ғана қайтуға асығып жатырмын. Бірнеше күн жату керек", - деп жазды.
Еске салайық, бұған дейін "Ісік өкпеге кетті деген". Төреғали Төреәлінің қарындасы өзіне қойылған диагноз туралы айтқаны жарияланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы