Статистикаға сәйкес, әлемдегі әрбір 14-ші әйел сүт безі қатерлі ісігіне тап болады. Бұл ауруды белгілері бойынша анықтауға бола ма? Қандай кеуде ауырсынуы қатерлі ісік туралы айтуы мүмкін? Онколог Ирина Кочетова жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
"Сүт бездерінің ауыруы (мастальгия) әртүрлі аурудың клиникалық белгісі. Көбіне етеккірден бірнеше күн бұрын күшейетін әртүрлі сипаттағы кеудедегі ауырсыну мастопатияның диффузиялық түрлеріне тән. Мастопатия - бұл гормоналды бұзылулар аясында пайда болатын сүт безі ауруларының үлкен тобының жалпы атауы", - дейді маман.
Қатерлі ісік кезінде кеуде қалай ауырады?
"Қатерлі ісік ауруына шалдыққан науқас әйелдерде ауру дамуының алғашқы кезеңінде сүт бездеріндегі ауырсыну байқалмайды. Әдетте, шағымдар аурудың дамыған кезеңінде, ісік алдыңғы кеуде қабырғасының жұмсақ тіндеріне таралғанда пайда болады", - деп жауап берді сарапшы.
Сондықтан жылына бір рет маммологқа тескеріліп, сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуінен өту өте маңызды. Ал 40 жастан кейін талдау тізіміне маммография да қосылады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ең қырсық жұлдыз белгілері қандай?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз