Кеуде пішіні не үшін өзгеруі мүмкін? 3 себеп

Кеуде пішіні әртүрлі себеппен өзгреуі мүмкін. Терапевт Анна Петрова "Womanhit"-ке кеуде пішіні өзгеруінің жиі кездесетін 3 себебін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Етеккір

Етеккірдің келуіне бірнеше күн қалғанда және етеккір кезінде кеуде сезімталдығы артып, оның пішіні өзгеруі мүмкін.

"Етеккір кезінде прогестерон гормоны артады. Ағза мүмкін жүктілікке дайындалады. Егер кеуде пішіні мен өлшемі қатты өзгерсе, дәрігерге қаралу керек. Ал қалған жағдайда етеккірдің аяқталғанын күтіңіз", - дейді дәрігер.

Спортзалда жаттығу

Әрине, жүйелі түрде жаттығу кеуде пішініне толықтай әсер етпейді, бірақ физикалық жаттығуларды өте белсенді жасау сырт келбетке әсер береді.

"Ауыр салмақтарды қолдану май үлесінің азаюына әкеледі де, кеуде пішіні аздап кішірейеді. Егер мақсатыңыз бұлшықет массасын арттыру болса, кеуде пішіні аздап үлкеюі мүмкін", - дейді Анна Петрова.

Кофені көп ішу және темекі тарту

Кофесіз және темекісіз өмір сүре алмайтын әйелдердің өз қалауларынсыз кеуде пішіні өзгеруі мүмкін.

"Темекіні көп тартатын әйелдер жасы ұлғая келе кеуделері серпімділігін жоғалтып, 40 жасқа жақындағанда салбырап қалатынын жиі айтады. Темекі құрамындағы химиялық заттар коллагенді бұзады, ал олсыз тері серпімділігі жоғалады. Ал кофе оның жағымсыз әсерін арттырады", - дейді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?