Алмазбек Атамбаев Қырғызстанның бұрынғы президенттерінің кездесуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қырғызстанның экс-президентінің айтуынша, елдегі татулық, бірліктің орнауы мен Бәкиевтің (Құрманбек Бәкиев - еск.) Қырғызстанға оралуы - екі түрлі жағдай.
"Кейінгі жағдайларға байланысты және жерлестердің сауалдарына байланысты мынаны айтқым келеді. Иә, экс-басшылардың жиналысы болды. Иә, мен сол жерде болдым. Бірақ жиналыста экс-президенттер болатыны туралы алдын ала ескертілмеді. Мені еркін адамдардай тең дәрежеде сөйлесейік, ескі реніштерді ұмытайық деп президент Садыр Жапаров және Қамшыбек Ташиевпен кездесуге шақырылған едім. Жақсылығы есімде, сондықтан бас тарта алмадым және тіпті Испания елшісімен виза туралы алдын ала жоспарланған кездесуден бас тарттым. Премьер-министр Педро Санчес мені емделуге шақырғанын білесіздер, бұл үшін оған көп рақмет!" - деп жазған ол.
Оның айтуынша, ол да елдің тыныштығы мен бірлігін ойлайды. Ол президент Жапаровтың ізгі ниетін жоғары бағалайды. Алмазбек Атамбаев кездесу аяғында ешкіммен қоштаспай, амалсыздан кетіп қалуға мәжбүр болғанын айтты. Ол кейін қажет болса, әрине, бәрін егжей-тегжейлі айтып беретінін алға тартты.
"Елдегі татулық, бірліктің орнауы мен Бәкиевтің Қырғызстанға оралуы - екі түрлі жағдай. Біріктіру мүлдем басқа нәтиже береді. Тым көп қан төгілді, көп нәрсе ұмытылмайды және ұмытылмауы керек. Әрине, кінәлілер жауапқа тартылуы керек. Алдымен қаза болғандардың туыстарынан кешірім сұрауы керек. Ал президент Садыр Жапаров мені тыңдап, дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін", - деп жазған экс-президент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!