- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кеткеннен кейін пәтер...
"Кеткеннен кейін пәтер жалдадым". Әнші Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевпен не себепті ажырасқанын айтты
Әнші Балжан Бидаш Жаһан Отарғалиевпен ажырасуына не себеп болғанын айтты. Бұл туралы өнер иесі OZMZғой бағдарламасында әңгімеледі , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балжан Бидаштың айтуынша, ажырасу туралы шешімді өзі қабылдаған.
"Бұл шешімді өзім қабылдадым. Өмірлік құндылықтарымыз сай келмеді. Жахан өте ақкөңіл, досқа адал жан. Мінезіміз сай келмеді. Бір-бірімізді түсіну қиын болды. Әзірге тек осы нәрсені ғана айта аламын. Мені ешкім қинаған жоқ. Осы үш жылдық тұрмыста есейдім деп айтсам болады. Сөйтіп, өз шешімім осы болды. Ажырасқанымызға төртінші ай өтіп жатыр. Басында қатты қиын кезең болды. Өте үлкен күйзеліс болды. Шешім қабылдап кеткеннен кейін, пәтер жалдадым", - дейді әнші.
© әлеуметтік желі
"Осыдан кейін менің белсенді өмірім басталды. Күйзелістен барынша алыстауға тырыстым. Бірақ іштей бір мұң, сағыныш мазалайды. Оңай емес қой. Қанша жыл бірге тұрған адам, бірге өмір сүрдім. Ол өмірді бірден өзгерту оңай болған жоқ. Менде қазір үй алу, пәтер алу керек деген жоспар бар. Қашанғы пәтер жалдап, такси қызметіне жүгінеміз", - дейді Балжан Бидаш.
Айта кетейік, бұған дейін өнерпаз Балжан Бидаш ажырасуды өзі қалағаны туралы айтқан еді. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы