- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кесте тігерім келді,...
"Кесте тігерім келді, ағайын". "Жігіттер" тобының мүшесі халықтан сүйінші сұрады
Фото:
erdoskanaev/instagram
"Жігіттер" тобының мүшесі Ердос Қанаев қызды болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, оқырмандарынан сүйінші сұрады.
"Сүйінші! Әлхамдулиллә. Аллаға сансыз мақтаулар болсын. Қасиетті жұма күні қызды болдым. Өмірге кесте тігерім келді ағайын", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасты.
"Құтты болсын, бауы берік болсын, ата-анасының көз қуанышы, бақытты бүлдіршін боп өсе берсін, Алла өмірімен берген болсын!", "Ердосжан кішкентайдың бауы берік болсын!!!", "Бауы берік болсын үлген ақылды бойжеткен болсын", "Ұрпағыңмен мың жаса", - дейді олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова