"Кеште жасы үлкен ер адамдар болған жоқ". "Қазақстан аруы - 2022" финалисі даулы видеоға қатысты пікір білдірді

"Кеште жасы үлкен ер адамдар болған жоқ". "Қазақстан аруы - 2022" финалисі даулы видеоға қатысты пікір білдірді
Фото: видеодан алынған кадр

Желіде "Ғалам аруы Қазақстан" атағының бұрынғы иегері Диана Тәшімбетованың видеосы тарап, дауға айналып кетті. Диана Тәшімбетова өзінің инстаграм парақшасында бұл жағдай туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Диана Тәшімбетованың айтуынша, ол бұл бейнероликті Желіге кім салып жібергенін біледі. Сондай-ақ ол жақын арада сотқа жүгінетінін ескертті.

"Иә, біреу видеоны салып жіберген, мен "желдің қай жақтан үріп тұрғанын" шамамен біліп тұрмын: бұл менің "ең жақын құрбымның" туған күні болатын. Біз тойладық және биледік. Бұл конкурсқа дейін болған жағдай және кеште үлкен ер адамдар емес, тек 19-22 жас аралығындағы адамдар болды. Өздеріне ыңғайлы болатындай және мені қаралау үшін видеоны қиып тастаған. Видеоның түпнұсқасы менде бар, ол сотта жарияланатын болады", - деп жазды Диана.


instagram.com/diana.tashii

Диананың оқырмандары бұл даулы видеоға оның жақындары қалай әсер бергенін сұрады.

"Әрине, өте жаман. Мен анама үнемі бәрін айтып жүремін және ол бұл кеш жайлы білетін. Ол үшін бұл қатты соққы болған жоқ. Анамның айтқандары тағы да расталды. Ол кезде анам маған ұрсып, кеңесін беріп, сол әрекетім үшін жазалаған болатын", - деп мойындады Диана.

instagram.com/diana.tashii

Бейнероликтен ұятты ештеңе көріп тұрмағандарын айтып, Диананың жағына шыққандар да аз емес. Әлеуметік желі қолданушылары бұл әрекет жастықпен жасалғанын жазды. Бұл кезде Диана 19 жаста болды.

"Жастық қандай да бір қателіктер жіберуге мүмкіндік береді. Әркім өмірдің бұл кезеңін өздігінше өткереді және қорытынды жасайды. Біз бәріміз тірі адамбыз, соның ішінде мен де", - деп жазды ол.

Диана заңгерлер тобы "жалған ақпарат таратқан, сондай-ақ бейнежазбаны заңсыз алған"  БАҚ-қа қарсы шағымдар әзірлеп жатқанын ескертті.
 
Еске салайық, "Қазақстан аруы - 2022" байқауының финалисі Диана Тәшімбетова байқау ұйымдастырушылары оның "Әлем аруы" байқауына қатысуын қаржыландырудан бас тартты деп мәлімдеген болатын. Ол бұл байқауға 2023 жылдың қаңтарында баруы керек болған. 
 
"Бейтаныс ер адамдар бар мейрамханаға апарды". "Қазақстан аруы" байқауына қатысты дау шықты
 
Артынша ол дисквалификацяға ұшырады. 

А. Жапатова