- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кешірім сұрауға әзірміз:...
Кешірім сұрауға әзірміз: ІІМ өкілі полицияның журналисті шешіндіруі туралы
Фото:
Сандуғаш Дүйсенова. Facebook-парақшасынан алынған
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев талдықорғандық полиция қызметкерлерінің журналист Сандуғаш Дүйсенованы шешіндіріп видеоға түсіруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеуніктің сөзіне қарағанда, қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.
"Ал біздің қызметкерлеріміздің іс-әрекетінің заңдылығын прокурорлар, содан соң сот сараптайтын болады. Егер де кемшілік анықталып, қызметкерлеріміз міндеттерін дұрыс атқармаған болса, сот үкімі шыққаннан кейін кешірім сұрауға әзірміз", - деді бірінші вице-министр.
Еске салайық, танымал блогер, журналист Сандуғаш Дүйсенова қылмыстық іс бойынша ұсталған болатын. Кейін журналист Сандуғаш Дүйсенова 8 сағат изоляторда болғанда қорлық көргенін айтты.
Азамат Қойшығара
А. Жапатова