Танымал журналист Дана Нұржігіт Олимпиадаға кеткен азаматтардың халықтан кешірім сұрауына қарсы екенін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұндай әрекетті журналист популизм деп бағалады.
"Сыртта жүріп, қолдан келгенше еңбек еткен азаматтардың үлкен басын кішірейтіп, кешірім сұратуды қою керек. Бұл - популизм. Елге оралғанда кеткен қатені іскерлік ортада сауатты талқылау деген болады. Мынау өз азаматтарымызды тұқырту, жігерін құм қылу! Мұндайға қарсымын!" - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.
Еске сала кетейік, бұған дейін танымал продюсер Баян Мақсатқызы да спортшылардың халықтан кешірім сұрауына қарсы екенін айтқан болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!