• 497.95
  • 490.7
  • 5.49

“Кешірім сұраған“. Өзіне-өзі қол жұмсаған алматылық оқушыға қатысты жаңа деректер белгілі болды

“Кешірім сұраған“. Өзіне-өзі қол жұмсаған алматылық оқушыға қатысты жаңа деректер белгілі болды
Фото: КТК телеарнасы

Алматыда үйінің жанында 9-сынып оқушысы өлі табылды. Туыстарының айтуынша, оның қасында өзі жазған хаты жатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ол жақындарынан кешірім сұраған. Қатарлас достарының айтуынша, кейінгі уақытта оқушының көңіл күйі болмапты. Ол қаланың жоғарғы жағындағы ауданда әкесімен және әжесімен бірге тұрған көрінеді.

"Оны соңғы рет өткен жұмада көргенмін. Көңіл күйі болмаған, жабырқау болды. Негізі жақсы жігіт еді. Ашық-жарқын. Бір жылдан бері таныспыз. Осында әкесімен, әжесімен тұратын. Өлерінің алдында хат жазып кетіпті, кешірім сұрап", - дейді достарының бірі.

Еске салайық, бұған дейін алматылық оқушы үйінің жанында асылып қалғанын жазған едік.

Алматы полициясы да бұл ақпаратты растады.

"Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес