Кейбір адамдар үшін кешкі астан кейін тәтті тоқашпен шай ішу дәстүрге айналған. Күнделікті мұндай әдет сіздің ағзаңызға теріс әсер береді. Дегенмен тамақтанғаннан кейін неліктен тәттіге құмартатыңызды ойланып көрдіңіз бе? Мамандар оның бірнеше себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Диетолог Рейчел Ричардсонның айтуынша, ас мәзіріндегі тағамдардың құрамында көмірсу аз адамдарда тәттіге құмарлық жиі кездеседі. Мысалы кето диетасын ұстанатындар көбінесе тәтті нәрсе жеуге деген құмарлықтан зардап шегеді, өйткені оларға көмірсу жетіспейді. Қоректік заттардың жетіспеушілігі қандағы қант деңгейінің төмендеуіне әкеледі, сондықтан адам тәтті жегісі келеді.
Сонымен қатар, сарапшы мәліметінше, оның тағы бір себебі дәрумен мен микроэлементтердің жетіспеушілігінде болуы мүмкін. Мысалы, тәтті тағамды көп тұтынатындарда қандағы қант деңгейін тұрақты ұстап тұратын инсулин өндірісін реттеуге қатысатын магний жетіспейді. Егер магний аз болса, қант деңгейі төмендейді және сіз шоколад жегіңіз келе береді.
Тәттіге деген құштарлықтың тағы бір жалпы себебі - "десертті асқазан" деп аталатын сенсорлық қанықтылық. Бұл жағдайда адам бұрын жеген өнімінің оны қағанаттандыратынын біліп, жегенде тәбетін қайта ашуға ұмтылады.
Ал диетолог Эллисон Бигам, біз кейде көңіл-күйімізді көтеру үшін тәттілерді жейміз дейді. Тәтті серотониннің бөлінуін тудырады, сондықтан кешкі астан кейінгі тәтті сіздің көңіл-күйіңізді көтеріп, босаңсытады. Сондай-ақ, біз тәттілерді стресс пен мазасыздықпен күресу құралы ретінде жиі қолданамыз.
Кейде сіз күні бойы құнарсыз, әртүрлі тамақтанғаныңыздан тәтті тағам жегіңіз келеді.
Ақырында, кейде сіз тәтті жегіңіз келеді, өйткені сіз күні бойы теңгерімсіз және әр түрлі тамақтанасыз. Сондықтан ас мәзіріңізге түрлі тағамдарды қосуға тырысыңыз, қатаң шектеулер қоймаңыз және порцияның шегі бар екенін ұмытпаңыз.
Айта кетейік, бұған дейін неліктен тәтті жегіңіз келе беретіні хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңздар: Адамның қан тобы өзгеруі мүмкін бе?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз