Мамандардың айтуынша, кешкі ас уақыты салмаққа тікелей әсер етпейді. Ең маңыздысы - тәулікте тұтынатын калория балансы мен тағам сапасы. Ағза тамақты тәуліктің кез келген уақытында бірдей қорытады, сондықтан кешкі ас артық салмаққа айналмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Белновостиге сілтеме жасап.
Бұл мифтің пайда болуының себебі — адамдардың кешке қарай жиі артық тамақтануы. Шаршау мен күйзеліс те әсер етеді. Ал кешкі ауыр тағам ұйқыға кері әсер етуі мүмкін, бірақ бұл уақытқа емес, тағамның түріне байланысты.
Диетологтар әр адамның тамақтану тәртібі өмір салтына сай болуы керек екенін айтады. Қатаң шектеулер көбіне керісінше әсер етіп, артық жеуге әкеледі. Сондықтан кешкі ас жеңіл әрі теңгерімді болғаны маңызды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz