Құлсары қаласының тұрғыны баспанасы қалай суға кеткенін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео TikTok-та пайда болды. Видео авторы 16 наурыздағы жағдай мен 4 сәуірдегі жағдайды көрсеткен.
"Кеше ғана үйімде күліп, ойнап жүр едім", - дейді видео авторы.
@moonaayme 😭 үй кетті #kulsary ♬ оригинальный звук - 🕊️Баконтай🕊️
Еске салайық, 7 сәуірде Атырау облысындағы Құлсарыда тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланған болатын.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар Құлсары тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр. Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланғаны айтылды.
"Жүрегің ауырады". Желіде Құлсарыда су тасқыны салдарынан құлаған үйдің видеосы тарады
Сонымен қатар, 7 сәуірде Атырау облысында су басқан үйді тексеруге кеткен екі ер адам өлі табылды. 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам және оның досы тиісті рұқсатсыз тракторды өз бетінше жүргізіп, су басқан үйді тексеруге кеткен және олар жол шетіне аударылып қалған. Іздестіру жұмыстарына барлығы үш жеке құрам мен бір қайық жұмылдырылған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!