- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кесекке құмарлықты басу...
Кесекке құмарлықты басу үшін не істеу керек?
Кейбір адамдар кесек, борға құмар болады. Бұл ағзаға белгілі бір зат жетіспейтінінің белгісі. Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы желідегі парақшасында кесекке деген құмарлықты басу үшін не істеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кесек - кремний, кадмий, мырыш секілді элементтерден тұратын саз топырақ. Оған құмарлық қаназдық (анемия), кальций тапшылығы, қалқанша безі ауруы, жүктілік және тәуелділіктен пайда болады.
Кесек жеудің қаупі қандай?
- Асқазан-ішек жолдарының жұмысы бұзылады;
- Іш қатады, жүрек айниды, қыжыл пайда болады;
- Өкпе, бауыр, бүйрек қызметі бұзылады;
- Ұйқы безінің жұмысы нашарлауы мүмкін.
"Кесекте паразит көп. Олар ағзаға түскеннен бастап, сіз ішіп-жеген аспен қоректеніп, артынша нәжіс шығарады. Паразиттердің нәжісі адам денесіне у болып сіңіп, зат алмасу процесі бұзылады.
Ал бор қандағы қызыл түйіршіктерді азайтып, қанды ағартады. Егер оны жеуді тоқтатпасаңыз, лейкемия дертіне шалдығуыңыз әбден мүмкін", - деді ол.
Не істеу керек?
"Терапевт, эндокринологтың кеңесіне жүгініп, скрининг өтіп, қан талдауын жасап, тапшылық деңгейін анықтап, қажетті ем алу керек. Ағзадағы жетіспей тұрған элементтің орнын дәрігер тағайындауы бойынша, дәрі, тағам, дәруменмен толтырсаңыз міндетті түрде кесекке тәуелділік басылады", - деді дәрігер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер бор жесеңіз, ағзада қандай өзгерістер болатынын айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ауызашар берудің сауабы қандай?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә