Сәбит Әбдіхалықов үш әйелінен туған балаларының басын қосты. Желіде актер отбасылық суретін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ораза қабыл болсын! Аллаға сансыз шүкір. Асылжан, Айнара, Хақназар, Абадан Абдумулиевтер", - делінген жазбада.
Желі қолданушылары суретке жағымды пікірлер жазған.
"Ең бастысы, бауырлар бір-бірімен араласса болды ғой", "Керемет көрініс", "Нағыз әке", "Сәбиттің тағдыры осылай болған шығар, бірақ үшінші жұбайы ақылды екен деп ойлаймын, себебі балдарды жақсылап күтіп алып отырған, қабағын көрсетіп, жақтырмаса балдар бармайды ғой, Алланың нұры жаусын!" - дейді пікір жазғандар.
Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықов белгілі эстрада әншісі Айгүл Иманбаеваға үйленсе, кейін Алтынай Жорабаевамен шаңырақ көтерген еді. Сондай-ақ, сұхбаттарының бірінде "бұрынғы әйелдері ешқашан тастап кетті деп айтпайтынын" жеткізген болатын. Оның Айгүл Иманбаевадан Асылжан есімді ұлы, ал екінші жұбайынан 4 қызы бар.
"Үшінші әйелімен театрда танысқан". Өнер арқылы отбасын құрған танымал қазақстандықтар
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!